Эллиасs TMmCEepOo 67xt
"ЭЛЛИАС" Рудольф Иванович (1935 ж. т., Украина, Донецк облысы Константиновка қ. – 1994, Алматы) – педиатр-ғалым, мед. ғыл. кандидаты (1975). Алматы мемл. мед ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген (1963). 1963 ж. Алматы қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасында дәрігер-хирург, 1965 – 70 ж. 1-клиник. балалар ауруханасында бөлім меңгерушісі, 1970 жылдан қайтыс болғанға дейін Қазақ ұлттық мед. ун-тінде ассистент, доцент болып қызмет атқарды. Ғыл. жұмысының негізгі бағыты балалар нейротравматологиясы мәселелеріне арналған. Эллиас балалардың бассүйек-ми ауыр жарақаттарын емдеуде жаңа диагностик. әдістерді ұсынған. Аутокраниотрансплантация емдік операциясын орындау үшін сүйек трансплантантын дайындау және сақтау технологиясын тапқан. 100-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Травматология және ортопедияның бала жасындағы ауруларға қолданылатын тиімді диагностикасы мен емдеудің жаңа технологияларын зерттеп, тәжірибеге енгізгені үшін Қазақстан мемл. сыйл. алған (1999, қайтыс болғаннан кейін).[1]
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |